RU
Вице-министрлер Сәдібеков пен Жақсалиевті қамау мерзімі ұзартылды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Вице-министрлер Сәдібеков пен Жақсалиевті қамау мерзімі ұзартылды

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы Энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевті үйқамақта ұстау мерзімі 1 қыркүйекке дейін ұзартылды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Вице-министрлер Сәдібеков пен Жақсаливті ұамау мерзімі ұзартылды

Вице-министрлер Сәдібеков пен Жақсаливті ұамау мерзімі ұзартылды

Бұл туралы Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының баспасөз қызметі мәлім етті. Сонымен бірге, күдікті Серікбай Жұмалиновты қамауда ұстау мерзімі 1 қыркүйекке дейін, Жан Нұрбековты үйқамақта ұстау 2018 жылдың 2 қыркүйегіне дейін ұзартылды.

Айта кетерлгі, Энергетика вице-министрі Сәдібековке «Аймақ» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Д. Дуанбекпен сөз байласып, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Қылмысқа Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж. Нұрбеков және мердігер ұйымның өкілдері С. Жұмалинов және Б. Қадырберлин де қатысқан.

Ал, Бақытжан Жақсалиев Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазарту бойынша жұмыстарды қабылдау барысындағы заңға қайшы әрекеттерге барды деп айыпталды. Күдікті вице-министр 2015 жылы «Аймақ и К» ЖШС мердігер ұйымының мүддесі үшін лауазымдық өкiлеттiгін асыра пайдаланған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel