RU
Қазақстан дәрігерлері әлемде бұрын-соңды болмаған отаны жасап шықты
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан дәрігерлері әлемде бұрын-соңды болмаған отаны жасап шықты

Рассказать Вконтакте

Астанадағы Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығында Павлодар облысынан келген науқасқа жасанды жүректің орнына донорық жүрек салынды деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстан дәрігерлері әлемде бұрын-соңды болмаған отаны жасад

Қазақстан дәрігерлері әлемде бұрын-соңды болмаған отаны жасад
Source: UGC

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 19 қазанында Астанада алғашқы халықаралық жасанды жүрек имплантациясы жасалған болатын. Ауыр жағдайдағы жүрек жеткіліксіздігімен ауырған Павлодар облысының тұрғыны Құнанбай Абраевқа француздық Carmat компаниясының жасанды жүрегі салынды.

Жасанды жүректі импланттау науқастың өмірін сақтаудың жалғыз жолы болды. Арада 8 ай өткен соң, 2018 жылдың 19 маусымында Құнанбай Абраевқа ортотопиялық жүректі транспланттау отасы жасалды.

«Мұндай науқастарға жасанды сол жақ қарынша немесе тұтас жасанды жүрек импланталады. Бұл CARMAT жасанды жүрегінен кейін донорлық жүрек салынған әлемдегі алғашқы науқас», - деді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя.

Сондай-ақ, ол не себепті науқасқа бірден донорлық жүрек салынбағанын айтып берді.

«Оған бастапқыда донорлық жүректі салу мүмкін болмады, себебі өкпе, бауыр және т.б.ағзаларында өзгеріс болды. Сол себепті жасанды жүректі импланттау туралы шешім қабылданып, арада 6 ай өткен соң жағдайы жақсарғаннан кейін донорлық жүректі күтіп отырғандардың тізіміне қосу мүмкін болды. 8 айдан соң біз сәйкес донорға ие болып, транспланттадық. Қазіргі күні ол реабилитациядан өтіп жатыр, науқас үшін ауыр процедура болғандықтан ол қазір реанимацияда, алайда есін біледі», - деді Пя.

Сондай-ақ кардиохирургия орталығының мамандары жасанды жүрегі донорлық жүрекке ауыстырылған науқас палатада жатқанын, туыстарымен сөйлесіп, теледидар көргенін айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
14
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel