RU
ШҚО-да екі азамат 90 жастағы әжейді қорқытып, ақшасын тартып алды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ШҚО-да екі азамат 90 жастағы әжейді қорқытып, ақшасын тартып алды

Рассказать Вконтакте

Зырян ауданында екі азамат қарт кісінің үйіне баса көктеп кіріп, ақшасын алып кеткен деп жазады Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ШҚО-да

Көрнекі фото
Source: UGC

Зейнеткердің үйіне баса көктеп кірген белгісіз біреулер оны пышақпен қорқытып, ақша сұраған.

Зәресі ұшқан ол қарақшыларға үйде тұрған 70 мың теңгесін береді. Ақшаны алған екі азамат іздерін суытқан.

Зейнеткер бұл жайт туралы полиция бөлімшесіне үш сағат өткеннен кейін хабар береді.

Құқық қорғаушылар жедел түрде іздестіру шараларын жүргізіп, бір сағат өтпей күдіктілерді қолға түсірген.

Анықталғандай, зейнеткерді тонағандар сол ауданның 25 жастағы тұрғындары болып шықты. Олар істеген қылмыстарын мойнына алған.

Қазіргі кезде бұзақылық жасағаны үшін екі азаматтың үстінен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
3
1
2
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel