RU
Алматы облысындағы жас ананың сәбиін не үшін сатпақ болғаны белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысындағы жас ананың сәбиін не үшін сатпақ болғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында баласын сатпақ болған 20 жастағы арудың бұл әрекетке не үшін барғаны белгілі болды деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ob-zor.ru

Фото: ob-zor.ru

Жас ана әуел бастан баласын сатамын деп ойламаған екен. Бұл жайында сатылмақ болған сәбидіің нағашы әжесі айтып берді.

"Қызым әкесіне керек емес деді. "Баланы алдыртып тастаймын" дегесін, "обал болады" деп алдыртпаған мен едім. Енді ол жерде сатылады деген ештеңе болған жоқ. Қызым "Мама, ертеңгі күні менің аяғыма оралғы болады" деп ойбайлағаннан кейін келісіп едім", - деп ағынан жарылды 20 жастағы арудың анасы.

Айта кетеік, Қаскелеңдегі ауруханада полицейлер бала саудасының үстінен түскен болатын. Күдіктілер қатарында баланың туған анасы, нағашы әжесі және оны сатып алмақ болған әйел бар.

Бұл іске перзентхана дәрігері де айыпталған еді. Бастапқыда олардың бәрі қамауға алынғанымен, көп ұзамай бостандыққа жіберілген.

Қазір көкек ананы ғана қамауда қалдырған. Алайда денсаулығына байланысты оның өзі де ауруханада жатыр. Тірі тауарға айналған шақалақ та әлі перзентханада. Енді сәбиді әжесі бауырына басып алмақ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
4
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel