RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Рассказать Вконтакте

Қазгидромет синоптиктері екінші тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жаңбыр. Көрнекі фото: Artleo.com

Жаңбыр. Көрнекі фото: Artleo.com

Республиканың басым бөлігінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстігінде және орталықта тұман болады деп күтілуде.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертен кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Алматы, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel