RU
Біртановтың сынынан соң Алматы облысындағы аурухана құлпырып шыға келді
Жаңалықтар Қоғам

Біртановтың сынынан соң Алматы облысындағы аурухана құлпырып шыға келді

Рассказать Вконтакте

Алматы облысындағы атышулы жұқпалы ауруларды емдеу мекемесі ақыры жөнге келді деп хабарлайды КТК арнасы.

Емхана. Көрнекі фото: ГТРК "Южный Урал"

Емхана. Көрнекі фото: ГТРК "Южный Урал"
Source: UGC

Бұған дейін қатаң сынға ұшыраған ғимараттың іші де, сырты да қазір адам танымастай өзгеріпті.

Менингит өршіп тұрған тұста, Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына министр Елжан Біртановтің өзі тексеруге келіп, талай былыққа куә болған еді.

Тіпті, министр дәлізде жатқан науқастардан аяқ алып жүре алмаған. Сондықтан, талапқа сай келмейтін мекемені жабу керектігін айтқан болатын.

Кейін кемшілікті жою үшін аурухана басшыларына тамыздың біріне дейін уақыт берілді. Мұндағылар белгіленген уақыттан кешікпей барлық олқылықты реттепті.

Оған төрт миллион теңгедей қаржы жұмсалған. Тіпті, әр палатаға ыстық суға дейін тартылған екен.

"Ақтап-әктеу жұмыстары бәрі-бәрі жасалды. Дәретханалары жөнделді. Ыстық сумен қамтамасыз етілді", - дейді Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар емханасының директоры Жәнібек Ботбаев.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel