RU
Абай ауылында зорланған жігіттің ісіне қатысты Бас прокуратура жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

Абай ауылында зорланған жігіттің ісіне қатысты Бас прокуратура жауап берді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Бас прокуратурасы Түркістан облысындағы Абай ауылында тұратын 16 жастағы жасөспірімді екі жігіт зорлап, ақша бопсалағанына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Абай ауылында зорланған жігіттің ісіне қатысты Бас прокуратура жауап берді

Абай ауылында зорланған жігіттің ісіне қатысты Бас прокуратура жауап берді

Қадағалау органының редакцияға жолдаған жауабында зардап шегушінің отбасынан 2016 жылдың желтоқсанында, 2017 жылдың ақпаны мен шілдесінде үш рет арыз түскені айтылады.

Екі арыз облыстық прокуратураға қайта жіберілсе, үшіншісіне жауапта қылмыстық істі қарау барысы туралы айтылған.

"Қазіргі таңда Түркістан облысы ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қылмыстық іс бойынша мән-жайды жан-жақты, толық және әділ зерттеуге бағытталған тергеу шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Бас прокуратура.

Ведомствоның мәліметінше, қалған мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Естеріңізде болса, Абай ауылының жиырма екі жастағы тұрғыны Sputnik Қазақстан тілшісіне алты жыл бұрынғы сұмдық оқиғаны амалсыздан айтып берген болатын.

Жас жігіттің отбасы құқық қорғау органдарына бірнеше рет арызданған, одан түк шықпаған. Жігітті қорлағандар әлі жауапкершілікке тартылмаған. Зардап шегушінің айтуынша, оны үш жыл бойы екі ер адам зорлап, одан кейін ақша бопсалаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel