RU
Астаналық әйел итінің өлі туған күшігін суға ағызған дәрігерлерге шүйлікті
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық әйел итінің өлі туған күшігін суға ағызған дәрігерлерге шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Астанада өлі туған күшікті дәретханаға ағызып жіберген ветеринарлар үлкен дауға қалды. Құны бағалы ит туа алмай қиналған соң иесі оны жануарлар клиникасына дереу апарған. Бірақ астаналық келіншекті ондағылардың қатігездігі шошытып отыр. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Астана тұрғыны күшігін өлі туған иті үшін ветеринарларды айыптап отыр

Елена Ваганова итімен. Скриншот: КТК
Source: UGC

Рада қазір иесінің қойынынан шықпайды. 6 жастағы ұрғашы ит үш күн бұрын, екі күшікті дүниеге әкелуі керек болған. Бірақ біреуін үйде туғанымен, екіншісін туа алмай ұзақ уақыт қиналған.

Сондықтан Елена итін дереу ветеринарлық клиникаға алып барыпты. Ондағылар толғағы қысқан жануарға кесарево тілігін жасаған. Бірақ күшікті аман сақтап қала алмапты.

"УЗИ-ге түсіргенде жатырда жатқан күшіктің денсаулығы жақсы деген. Сөйтіп, кесерово тілігіне менен рұқсат алып, ота жасады. Бірақ, сәлден кейін хирург келіп, күшіктің өлі туғанын және оны кәріз құбырына ағызып жібергенін айтты. Бұл барып тұрған бассыздық қой", - дейді Елена Ваганова.

Алғашқыда дәрігерлердің мұндай қатігездігі Еленаны шошытыпты. Айтуынша, санитарлық нормаға сай өлі жануарды утилизациялайды. Яғни өртейді немесе жерге көмеді. Бірақ ашынған әйел енді ветеринарлардың сөзіне күмәнмен қарап отыр.

Өйткені иттің тұқымы - йоркшир терьері. Құны 200 мың теңге тұрады екен. Сол үшін клиникадағылар өтірік айтып, егіз күшіктің бір сыңарын өзіне алып алған болуы мүмкін дейді.

Ал дауға қалған жануарлар клиникасы иттің баласын дәретханаға ағызып жібергендерін жасырмайды. Тіпті, заң бойынша солай істеу керек деп отыр.

"Күшік шала дамыған биологиялық сұйықтық болды. Тіпті, қолда дұрыс ұсталмады. Аман сақтап қалу мүмкін емес еді. Сондықтан өлікті арнайы ерітіндіге салып, кейін кәріз құбырына ағыздық. Бұл кісіге бәрін түсіндіріп атқанбыз. Бірақ түсінбеді. Керісінше бізді балағаттап қарғап тастады", - дейді Ветеринарлық клиниканың Татьяна Кропивницкая.

Осылайша өлі күшік үшін дауласқан қос тарап ымыраға келе алмады. Енді бір-бірін сотқа бермекші.

Сіздің реакцияңыз
0
3
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel