RU
Мәйіттерді үш ай бойы балконда жасырған: жантүршігерлік қылмыс ашылды
Жаңалықтар Әлемде

Мәйіттерді үш ай бойы балконда жасырған: жантүршігерлік қылмыс ашылды

Рассказать Вконтакте

Ресейде ер адам жанжал кезінде екі әйелді балғамен ұрып өлтірген. Содан кейін қаскөй қызы мен жиен немересінің неге жоғалып кеткенін сұраған енесіне үш ай бойы өтірік айтып, жауапкершіліктен қашып жүрген. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Мәйіттерді үш ай бойы балконда жасырған: жантүршігерлік қылмыс ашылды

Мәйіттерді үш ай бойы балконда жасырған: жантүршігерлік қылмыс ашылды

Калуга облысында екі адамның өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

Сотта белгілі болғандай, ер адам өзімен бірге тұратын 57 жастағы әйел мен оның бірінші некеден туған бойжеткен қызын айуандықпен өлтіргені белгілі болды.

Ер адам өгей қызынан 50 мың рубль ұрлады деп күдіктенген. Кейін ол "ақшаны алған жоқпын" деген қызға күш қолданып, мойындатпақ болыпты.

"Отбасылық кикілжің барысында бірге тұратын ер мен әйелдің және қыздың арасында дау шығып, салдарынан ер адам әйелдерді балғамен аяусыз ұрған", — деп хабарлады өңірлік тергеу комитетінің баспасөз қызметі.

Қылмысын жасыру үшін ол қаза болғандардың мәйіттерін көрпеге орап, пәтердің балконына шығарып қойған. Онда мәйіттер үш ай – 26 сәуірге дейін жатқан.

Қаскүнем осы уақыт ішінде үйге бірнеше рет келген азаматтық некедегі әйелінің анасын ақылға қонбайтын өтіріктер айтып, шығарып салып отырыпты.

Өтірік айтудан жалықса керек, ақыр соңында енесінің қоңырауларына жауап бермей, есікті ашпай қойған.

Содан кейін ғана қария дабыл қағып, полицияға хабар береді.

"Тергеушілер аталған қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Айыпталушы кінәсін толығымен мойындады. Таяуда ер адам сот алдына барады", — деп түйіндеді ведомство.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
9
5
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel