Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелде қыдырып жүрген Айқынды мейрамханадан қуып шықты

Опубликовано:

Отандық әнші Айқынның шетелдегі іс-сапары барысында сан түрлі оқиғаларға жолығуда. Күні кеше көлік таппай, такси болып кеткен әншіні мейрамханадан қуып шыққан деп хабарлайды NUR.KZ.

Айқын. Фото: Kazday
Айқын. Фото: Kazday: UGC

"Ешқандай Еуропа, Барселона Қазақстанға жетпейді екен. Бұл жақтың заңдары да, өздері де басқа. Шетелдіктердің заңдары мүлдем бөлек. Кеше көлікті бір жерге қойып кеткенбіз. Сөйтсек, таңертең 100 еуро айыппұл салып қойыпты. Содан екіжұлдызды "Мишлен" мейрамханасына бардық. Орын бола бермейді деген соң, ерте жазылып қойғанбыз.

Кешке барсам, мені шорты кигенім үшін есіктен кіргізбей қойды. Бірақ қысқа шортымен келген қыздарға үндеген жоқ. Сонда маған неге болмайды? Мұнысын түсінбедім. Не алдын-ала төлеп қойған ақшамызды қайтарған жоқ", – деген әнші өз елін сағынғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1745380-setelde-kydyryp-zrgen-ajkyndy-mejramhanadan-kuyp-sykty/

pixel