Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшінші рет ана атанған Майя Веронская қырқынан шықпаған қызын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Жақында ғана үшінші сәбиін өмірге алып келген Майя Веронская қызын көпшілікке көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Алайда танымал тележүргізушінің бұл әрекетін желі қолданушылары сөгіп тастады.

"Қызымыздың бірінші фотосессиясы. Негізі сәби қырқынан шыққанша көп ұйықтайды ғой. Қалай жатқызсаң да, қызық-қызық киіндірсең де, ұйықтай береді. Міне, осы уақытта фотосессия жасаған жақсы екен", - деп жазды Веронская.

Ал желі қолданушылары кішкентай сәбиді қырқынан шыққанша ел көзінен тасада ұстау керектігін айттты.

"Баланы қырқынан шыққанша ел назарынан тасада ұстайды ғой", "Ұйықтап жатқанда фотоға түсіруге болмайды деп жатады", "Аман-есен болсын. Бірақ, балаңызға көз тиеді деп қорықпайсыз ба?" деді оқырмандар.

Айта кетейік, Майя Веронская мен жары Александрдың Арсен есімді ұлы мен Рената есімді қыздары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1745387-sinsi-ret-ana-atangan-maja-veronskaa-kyrkynan-sykpagan-kyzyn-krsetti-foto/

pixel