Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал актермен ажырасып кеткен мінсіз мүсінді модель туралы не білеміз?

Опубликовано:

Отандық жас әншіге үйленгелі жатқан танымал тележүргізуші Бауыржан Сатов үшін бұл екінші неке. Көпшілік актердің бұған дейін отбасылы болғанын біле салысымен бірінші әйелін іздестіруге кіріскен. Шоу-бизнес ортасында аса танымал серіден ажырасып кеткен ару модельдік бизнестің жарқын жұлдызы болып шықты деп жазады NUR.KZ.

Бауыржан Сатовтың бірінші әйелінің аты-жөні - Мөлдір Жұмакеева. 1991 жылғы бойжеткен отандық сән әлемінің жарқын жұлдыздарының бірі.

Ол түрлі танымал брендтердің фотосессияларына қатысып, отандық дизайнерлердің сән көрсетілімдеріне жиі шығып тұрады.

Оған қоса Мөлдір отандық әншілердің бірқатар бейнебаяндарында да бой көрсеткен.

Көпшілік аруды Бауыржан Сатовтың қалыңдығымен желіде салыстырып жатыр. Олардың басым көпшілігі Мөлдір Жұмакееваны жас әншіден әлдеқайда сымбаттырақ екенін жазуда.

Айта кетейік, Альбина Шардароваға үйленгелі жатқан Бауыржан Сатовтың бірінші әйелі оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын. Ол актермен не себепті ажырасып кеткенін ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1745396-tanymal-aktermen-azyrasyp-ketken-minsiz-msindi-model-turaly-ne-bilemiz/

pixel