Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік қызметкерлер селфи үшін айыппұл төлеуден шаршағанын айтты

Опубликовано:

Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер шетелдегі селфиі үшін айппұл төлегендеріне наразы болуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: kurortimira.ru / Prosobstvennost.ru
Коллаж: NUR.KZ. Фото: kurortimira.ru / Prosobstvennost.ru: UGC

Жас қызметкерлер мемлекеттік істер және жемқорлықпен күрес агенттігінің басшысының орынбасары Олжас Бектеновке интернет-конференция барысында түрлі сауалдар қойған.

"Неге біздің 20-29 жастағы қызметкерлерді демалыс орындарында түскен суреттері үшін жазалап жатыр? Егер олар сол сәтте ішімдік ішпесе, суретте ішімдік көрінбесе неге олай жазаланады? Олар да адам ғой. Оның үстіне жастар. Олардың да жұмыстан тыс уақытта демалғысы келеді", - деді Ринат Мұхамедов.

Сондай-ақ олар егер мемлекеттік қызметкерлердің ішімдікпен түскен суреттері байқалса ғана айып тағуларын сұрады.

"Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік парақшаларына тексеріс жүргізіп отырады. Егер қызметтік этиканы бұзған жағдайлар анықталса, оны жауапты мекемеге табыстаймыз", - деді Бектенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745411-memlekettik-kyzmetkerler-selfi-sin-ajyppl-tleuden-sarsaganyn-ajtty/

pixel