RU
Қуат Найман: Қысқа көйлек киіп, кеудені ашып жүру салтымызда болмаған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қуат Найман: Қысқа көйлек киіп, кеудені ашып жүру салтымызда болмаған

Рассказать Вконтакте

Атышулы спортшы Қуат Хамитовтың ашық-шашық киінетін қазақ қыздарына көңілі толмай жүр. Ол хиджаб кию мәселесіне қарсы емес екенін жеткізіп, оранудың қазақ салтында бұрын-соңды болмады деп айтқандарға арнайы NUR.KZ порталына берген сұхбатында жауап берді.

Отандық ережесіз жекпе-жектің жарқын жұлдызы хиджаб мәселесіне байланысты өз ойын айтты. Спортшы қазақ қыздарының жартылай жалаңаш күйде жүргеніне наразылығын білдіріп, жабық киінуді даттайтындарға жауап берді.

"Қаракөз қыздарымыздың ашық-шашық киініп жүргені кімге ұнасын? Мен намысы бар жігіттер әйелін немесе қарындасын ашық-шашық күйде далаға шығармайды деп ойлаймын. Мен өзім қызғаншақ адам болған соң, болашақта жарымның жабық киінгенін қалаймын.
Хиджаб мәселесіне келетін болсақ, мен бұл тұрғыда мүлде қарсылық танытпаймын. Керісінше қолдаймын. Ал хиджабты қазақ салт-дәстүрінде болмағанын айтып жүргендерге айтарым, қысқа көйлек киіп төсті ашып жүру де халқымыздың тарихында болмаған!", - деп қайырды Қуат Найман.

Оған қоса, ол қазақ қыздарының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсы екенін жеткізді.

"Маған көшеде қазақ қызының басқа ұлтты жігітпен кетіп бара жатқаны ұнамайды. Мен барып қасындағы жігіттің басынан бір ұрғым келеді. Өкінішке орай, әркімнің өз таңдауы бар мен оған әсер ете алмаймын.
Алайда, өз басым мұндайға толығымен қарсымын. Сол себепті мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін біздер өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие беруіміз керек.", - деп айтты Қуат Хамитов.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға ҚР заңнамасымен қатаң тыйым салынған!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel