RU
Өскеменде мейрамханадан өрт шығып, 160 адам эвакуацияланды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Өскеменде мейрамханадан өрт шығып, 160 адам эвакуацияланды

Рассказать Вконтакте

ШҚО-да мейрамханалардың бірінде өрт шығып, нәтижесінде бір адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: npo-diar.ru

Фото: npo-diar.ru

Өрт тұрғын үйдің бірінші қабатындағы мейрамхананы жалғастыра салынған жайдан шықты. Жалын қабырғалар мен асхана құрылғыларын шарпыған, соның салдарынан көп мөлшерде түтін бөлінген.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер бірден тұрғын үйдегі 160 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Олардың ішінде 50 бала болды.

Олар өртті 40 минут ішінде өшіріп тастады.

Оқиғада 29 жастағы мейрамхана иесі зардап шегіп, дереу ауруханаға жеткізілген.

Анықталғандай, өрттің шығуына отты дұрыс қолданбау себеп болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel