RU
Еркін Ізбасар 12 жылға түрмеге қамалатынын естігенде Аллаға шүкіршілік айтты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Еркін Ізбасар 12 жылға түрмеге қамалатынын естігенде Аллаға шүкіршілік айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде атышулы "Төрт ағайынды" ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Еркін Ізбасарға қатысты іске нүкте қойылды. 20 жылдан аса қылмыс әлемін уысында ұстады деп айыпталған бірінші топ мүгедегі Еркін Ізбасар 12 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Еркін Ізбасар 12 жылға түрмеге қамалатынын естігенде Аллаға шүкіршілік айтты (фото)

Еркін Ізбасар 12 жылға түрмеге қамалатынын естігенде Аллаға шүкіршілік айтты (фото)

Ол сот ғимаратына жедел жәрдем көлігімен жеткізілген болатын. Оны оннан аса арнайы жасақ өкілдері күзетіп жүрді.

Сотта өзіне шығарылған үкімді естіген Ізбасар "Альхамдуллиллах" деп өзін бейқам ұстап отырды.

"Мұнай және мұнай өнімдерін ұрлап шетел асырып сатты, кәсіпкерлерді қорқытып, бизнестерін тартып алды" деп айыпталған 26 адамнан құралған қылмыстық топ бүгін сот залында өз үкімдерін тыңдады.
Еркін Ізбасар 12 жылға түрмеге қамалатынын естігенде Аллаға шүкіршілік айтты (фото)

Еркін Ізбасар 12 жылға түрмеге қамалатынын естігенде Аллаға шүкіршілік айтты (фото)

Қылмыстық топ құрды дегендердің дені 20 мен 40 жас аралығындағы жастар. Оларға 3 жылдан 13 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Көпшілігінің бұрынғы соттылығы бар.

Үкімге келген сотталушылардың туыстары ызалы отырды. Ашулы туыстар залдың тарлығын айтып, журналистерді сотқа қатыстырмауды айқайлап сұрады.

Қылмыстық кодекстің 13 бірдей бабымен айыпталған Еркін Ізбасар 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған тиесілі барлық дүние мүлік тәркіленеді.

Ал Еркін Ізбасардың оң қолы болған Аухат Қалиев 11 жылға, облыстық ІІД бастығының орынбасары қызметін атқарған Рахат Аханов 5 жыл 3 айға қамалатын болып, өмір бойына құқық қорғау салаларында, банктерде жұмыс жасауына тыйым салынды. Сонымен қатар, сотпен полковник шені алынды.
Еркін Ізбасар 12 жылға түрмеге қамалатынын естігенде Аллаға шүкіршілік айтты (фото)

Еркін Ізбасар 12 жылға түрмеге қамалатынын естігенде Аллаға шүкіршілік айтты (фото)

Адайбек Сарсенов 3 жыл, Нұрболат Қайырбаев 3 жыл бас бостандығы, дүние-мүлкін тәркілеу; Айбек Тілеуғазиев 3 жыл, Мұханбет Шавлетов 3 жыл, Болатбек Бекетов 8 жыл бас бостандығынан айыру, дүние мүлкін тәркілеу, Жандос Ақмағамбетов 3 жыл, Жангелді Өтегенов 3 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру, дүние мүлкін тәркілеу; Руслан Дермұханов 5жыл, Амандос Есенғалиев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, Бекжан Құлтаев 5 жыл, Нұрлан Ноғаев 8 жыл бас бостандығынан айыру, кәсіпкерлікпен айналысуына шектеу және мұнай компанияларындағы үлестерінен айырылды; Саясат Дүсіпов 3 жыл, Сүлеймен Сүгірбаев 5 жыл басбостандығынан айыру, дүние мүлкін тәркілеу; Мұрат Тұржанов 8 жыл бас бостандығынан айыру, дүние мүлкін тәркілеу, Сергей Савченко 3 жыл, Біржан Аманқұлов 11 жыл, Ербол Тектіғұлов 4 жыл 6 ай, Қайыркелді Ізтұрғанов 6 жыл бас бостандығынан айыру, дүние мүлкін тәркілеу; Нұрлыбек Тонтаев 7 жыл, Жанат Тектіғұлов 3 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру, дүние мүлкін тәркілеу; Кәдіржан Пангерейұлы 7 жыл, Мұрат Қуанышев 5жыл, Қартжан Қалдымұрат 11 жыл бас бостандығынан айыру, дүние мүлкін тәркілеу. Аманқұлов 11 жыл.

Ал тәркіленген мұнай тасыған жүк көліктері мен компьютерлер мемлекет меншігіне өтіп, қару-жарақтардың көзі жойылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
5
3
1
1
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel