Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеті жыл бұрын қаза болған әйелін ойлап, жылай беретін ақсақал жұрттың көңілін босатты

Опубликовано:

Италиядағы Гаэта қаласында жеті жыл бұрын қаза болған әйелін әлі күнге дейін ойлап, көз жасын тоқтата алмай жүрген ақсақал әлем назарына ілікті. Бұл туралы NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зейнеткер. Фото: 120.su
Зейнеткер. Фото: 120.su: UGC

Джорджио Моффа есімді пиццерия қожайыны күнде жағажайға келіп, жылап отыратын ақсақалды байқайды.

Зейнеткер. Фото: 120.su
Зейнеткер. Фото: 120.su: UGC

Ол 70 жастағы қариядан не болғанын сұраған. Белгілі болғандай, 70 жастағы Джузеппе Джордано жеті жыл бұрын қатерлі ісікке шалдыққан сүйікті жары Идадан айырылған екен.

Зейнеткер. Фото: 120.su
Зейнеткер. Фото: 120.su: UGC

Жан жарымен елу жыл бірге болып, үш бала сүйген Джузеппеге бұл ауыр соққы болыпты. Әлі күнге дейін әйелін жоқтап жүрген қария оның суретімен жағажайға серуендеу үшін күнде келеді.

Ол Ида көзі тірісінде жағажайда серуендегенді ұнататынын айтып, көзіне жас алды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1745449-zeti-zyl-bryn-kaza-bolgan-jelin-ojlap-zylaj-beretin-aksakal-zrtty-kilin-bosatty/

pixel