RU
Тұрсын Алагөзовті Алматыдағы элиталы үйінен қуып шықты (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тұрсын Алагөзовті Алматыдағы элиталы үйінен қуып шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Тұрсын Алагөзовті сотқа берген ұлы Арсен әкесін элиталы үйінен қуып шықты деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тұрсын, Арсен Алагөзовтер. Фото-коллаж: NUR.KZ.

Тұрсын, Арсен Алагөзовтер. Фото-коллаж: NUR.KZ.

Алматының Бостандық аудандық сотының мәліметінше, пәтер қаладағы жақсы аудандардың бірінде орналасқан. Сатып алу және сату бойынша және тұрғын алаңын жалға алу бойынша жасалған келісімшартқа сәйкес, пәтер Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы Арсенге тиесілі. Ол әкесіне пәтерде тұруға рұқсат берген.

Соттың үкімімен 2017 жылдың мамырында Арсен әкесіне берілген сенімхаттың күшін жойған.

"Алматы қалалық Бостандық ауданының шешімімен 2018 жылдың 20 сәуірінде талаптар жартылай қанағаттандырылып үкім шыққан. Алагөзов Тұрсынғали Тұрымұлын пәтерден шығарып, Алагөзов Тұрсынғали Тұрымұлынан Алагөзов Арсен Тұрсынғалиұлының пайдасына мемлекеттік баж салығы бойынша 1203 теңге көлемінде ақша (бір мың екі жүз үш) өтелсін", - делінген соттың үкімінде.

Айта кетейік, Алагөзов бұл шешіммен келіспей, аппелияциялық сотқа бергенімен, бұл ісі нәтиже бермеген.

Сіздің реакцияңыз
5
2
0
3
0
20
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel