RU
Жазира Байырбекова өзінің "жұлдыз" ауруына шалдығатынын мойындады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жазира Байырбекова өзінің "жұлдыз" ауруына шалдығатынын мойындады

Рассказать Вконтакте

Жазира Байырбекова өзінің "жұлдыз" ауруына шалдыққан күндері жайлы айтып берді. Болмашыға қабақ шытып жүрген әнші өзінің сахнадағы образымен сай келмейтінін жайып салды деп жазады NUR.KZ.

"Жазира шын өмірде саxнадағыдай емес" деп кейбіреулер айтса, сеніңіздер. Жәй жүргенде қабағым түйіліп жүретін кездер де, жымиып қуанып жүретін кездер де болады. Тез ашуланып, тез басыламын. Тәулігіне 1-2 сағаттан ғана ұйықтап жүрген күндері xалықтың тілімен айтқанда "жұлдыз ауруымен" ауырып қаламын.

Жаңа ғана ұшақтан күтіп алған кісілерге сәл ғана ұнамай қалған істері үшін мінез көрсетіп, 5-10 минуттық "жұлдыз ауруымен" ауырдым.

Ия, ондай-ондай болып тұрады. Кейде періште емес пенде екеніңді, ашуланатын, мұңаятын, қуанатын кездеріміздің болатынын несіне жасырамыз", - деп жазбасын аяқтады әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
1
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel