RU
Павлодарда өзенінің екінші бетіне өтпек болған төрт жеткіншек суға ағып кете жаздады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарда өзенінің екінші бетіне өтпек болған төрт жеткіншек суға ағып кете жаздады

Рассказать Вконтакте

Павлодарда Ертіс өзенінің екінші бетіне өтпек болған төрт жеткіншек суға батып кете жаздады. Олар қорғану үшін үстілеріне пластик бөтелкелерін баумен орап тастаған екен. Алайда, өзеннің ортасына келгенде балалар көмек шақырыпты. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Өзеннен өтпек болған жасөсіпірімдер пластик бөтелкелерді белдеріне байлап, оның аман алып қалатынына сенген. Арғы бетке көпір арқылы өткен олар қайтарда жүзіп қайтуды көздепті.

Ал Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар комитетінің жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шерияздановтың айтуынша, пластик бөтелкелерді сел жүргенде немесе су тасқындары болған кезде ғана пайдалануға болады.

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағы балалардың 13 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер екенін анықтаған.

Судағы қауіпсіздік ережесін бұзған жеткіншектер жергілікті полиция қызметіне жеткізілген.

Тәртіп сақшылары балалардың ата-анасына хабарласыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel