RU
Қуат "Найман": Тоқал алып жасырынып жүргенше, заңды некеге отырған артық
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қуат "Найман": Тоқал алып жасырынып жүргенше, заңды некеге отырған артық

Рассказать Вконтакте

Ережесіз жекпе-жек спортшысы Қуат Хамитов көп әйел алу мәселесін толықтай қолдайтынын айтты. Оның айтуынша, "тоқал" алып сырттай жасырынып жүргенше, заңды түрде некеге отырған артық. NUR.KZ порталына берген сұхбатында спортшы қоғамда қозғалып жүрген көпәйелділік тақырыбынеа тоқталып кетті.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

"Көп әйел алу-алмау әркімнің өз таңдауы. Алайда мұсылман болғандығымыздан бізге төрт әйел алуға болады. Онда тұрған ештене жоқ. Көп әйел алу сонау ата-бабаларымыз кезінде де болған. Үш болсын, тіпті төрт әйел алу мәселесін мен қолдаймын.", - деп айтты ол.

Оған қоса спортшы еркек саны аз болғандықтан тұрмысқа шыға алмай жүрген қыз-келіншектердің де көбейіп бара жатқандығын жеткізді.

"Сырттай тоқал алып оған бала тудырып жасырынып жүргенше, заңды түрде некеге отырған артық. Жаңадан құрылған отбасыңа бірінші жанұяңа сияқты асқан қамқорлықпен қарап, барынша көмек көрсету, үнемі жасырынып өтірік айтудан әлдеқайда дұрыс. Сол себепті көп әйел алу мәселесіне көзқарасым оң.", - деді Қуат Найман.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға ҚР заңнамасымен қатаң тыйым салынған!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel