RU
Алматы облысында ашынған ауыл тұрғындары жанайқайларын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында ашынған ауыл тұрғындары жанайқайларын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Қарасай ауданының Жаңашамалған ауылы тұрғындары өз жанайқайларын жеткізді. Олар ауылда жол мен судың жағдайын айтпағанда, жарық та әрең жанатынын айтқан. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жаңашамалған ауылдық округі тұрғындары ауылдың жағдайын өздері жасаған көрінеді.

Олардың айтуынша, көшедегі тастарды да өздері төсетіп, суды да тартқызған екен. Ал мемлекет ұсынған бағдарламалардың бірі де ауылға көмегін тигізбепті.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, желдің басы қимылдаса жарық сөніп қалады екен. Елді мекенде жол мен су мәселесі де ақсап тұрғанына біраз уақыт болыпты.

Ал жолдағы тас төсеніштің кесірінен екі бала көлік астына түсіп қалған екен. Әкімнен күдер үзген халық енді шенеуніктермен кездесеміз деп келісіпті. Алайда, 100 адам жиналған кездесуге ешкім келе қоймаған екен.

Бұған ашуланған тұрғындар әкімді іздеп, ауыл әкімшілігіне барған. Өкінішке орай, әкім кезекті демалысқа кетіп қалыпты.

Ал басшы орынбасарларының бірі сұраққа нақты жауап та бере алмаған ОЛ, тіпті, өз әкімін атын білмей, ұятқа қалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel