Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мектепке жақын орналасқан барлық мешіттер сүріледі

Опубликовано:

Қазақстанда енді мектептен 300 метр аумақта орналасқан мешіттер сүрілетін болды. Бұл мәселе Шымкент қаласындағы дін істері мен құрылыс басқармалары қызметкерлерінің арасында талқыланған деп хабарлайды tvk-uko.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: aqmeshit-zhastary.kz
Фото: aqmeshit-zhastary.kz: UGC

Қазір Шымкент пен Түркістан облысында 800-ден астам діни орындар бар. Ал олардың қайсысы заңды, қайсысы заңсыз соғылғанын шенеуніктер әлі анықтай алмай жатыр екен.

Соңғы 3 жылда облыста тек сегіз мешіттің салынуына рұқсат беріліпті. 2018 жылдың сәуір айында Қазақстанда қабылданған ереже бойынша енді мектептен 300 метр аумақта орналасқан барлық мешіттер бұзылады екен.

"Облыста және Шымкент қаласында 800 мешіт бар. Алайда, адамдар аз келгендіктен үнемі бос тұрады", - дейді Түркістан облысының діни істер жөніндегі басқармасының басшысы Самат Сапарбаев

Кездесу соңында шенеуніктер кәсіпкерлерден кез келген діни ғимарат салатын кезде заң ережелерін бұзбауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745492-kazakstanda-mektepke-zakyn-ornalaskan-barlyk-mesitter-sriledi/

pixel