RU
Атырауда сәби сүйе алмаған ерлі-зайыптылар ажырасып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда сәби сүйе алмаған ерлі-зайыптылар ажырасып жатыр

Рассказать Вконтакте

Атырауда неке бұзу өткен жылғымен салыстырғанда 5 пайызға көбейген. Олардың басым көпшілігі 27-50 жас аралығындағы отбасылар деп хабарлайды atr.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: vancouverok.com

Көрнекі фото: vancouverok.com

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева мәліметінше, өткен жылдың бірінші жартыжылдығында неке бұзушылар саны 496 болса, биылғы 6 айда 521-ге дейін өсті.

Ал олардың отбасын сақтап қала алмауына мінездерінің келіспеушілігі мен ортақ сәбилерінің болмауы екен.

"Соңғы екі жылдағы көрсеткіштерді салыстырсақ, неке бұзу былтырғымен салыстырғанда 5 пайызға көбейген. Көбіне 27-50 жас аралығындағы жұбайлар жиі ажырасады. Себебін мінездерінің келіспеушілігінен және ортақ сәбилерінің болмауынан деп түсіндіреді. Жалпы, қалпына келтіру үшін шығарылған акті былтырғымен салыстырғанда екі есеге көбейіп отыр, себебі бала асырап алу былтырғыға қарағанда көп", – дейді Н. Хабиева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel