RU
Лифтіде бойжеткенге қырындаған азаматтың басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Әлемде

Лифтіде бойжеткенге қырындаған азаматтың басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Мәскеу полициясы Өзбекстанның 35 жастағы азаматын тұрғын үйдің лифтісінде 29 жастағы қызға қырындаған деген күдікпен ұстады деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: zhenskoe-mnenie.ru

Көрнекі фото: zhenskoe-mnenie.ru

Басылымының мәліметінше, оқиға 29 шілдеде кешкісін Новокосинск көшесіндегі тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде болған.

Жәбірленуші полицияға танымайтын ер азаматпен лифтіде бірге көтерілгенін айтты. Ол қыздың қолы мен иығынан сүйіп, оған сүйкенген, белінен ұстаған. Әйел оны итеріп жіберіп, өз пәтері орналасқан 16 қабаттан шығып қалған. Пәтеріне келген соң ол полицияға шағымданған.

Полиция қызметкерлері мигрантты ұстады. Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel