RU
Түркістан облысында қаржы ғимаратына қарулы шабуыл жасалды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында қаржы ғимаратына қарулы шабуыл жасалды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында қаржы мекемесіне қарулы шабуыл жасалып, күзетші жарақат алған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында қаржы ғимаратына қарулы шабуыл жасалды

Көрнекі фото: CC0 / Jabbacake / Weapon

Оқиға Шәуілдір ауылының қаржы басқармасының ғимаратына түнгі үштер шамасында болған. Белгісіз үшеу мекемеге баса көктеп кіріп, күзетшіге қару кезеніп, банкоматты тонамақ болған.

Бірақ қарулы топқа күзетші жалғыз өзі қарсы шығып, біреуін жұдырықпен сұлатып салған. Екінші қарақшы 34 жастағы күзетшіге травматикалық қарумен екі рет оқ атып, күдіктілер оқиға орнынан ізін суытқан.

Жараланған күзетшіні таң ата кезекшілік ауыстырмақ болып, ғимартқа келген әріптесі бірінші боп байқапты.

Белгілі болғандай Отырар ауданының орталығында орналасқан қаржы басқармасы ғимаратында бейнебақылау орнатылмаған болып шықты.

Қызметі барысында жеке басына қауіп төнсе де тайсалмаған күзетшінің жарақатын дәрігерлер жеңіл деп бағалаған. Қазір күзетші тергеушілерге түсінік беруде.

"Кіндік маңы мен құлақ жағын оқ жанап өткен күзетшінің қазір денсаулығы қалыпты. Батылдық танытқан қызметкерді марапаттаймыз ", - деп отыр күзет мекемесіндегілер.

Бес жылдан бері осы ғимаратта тұрған банкомат қаржы басқармасына тиесілі емес екені, күзет мекемесінің келісім шартында көрсетілмегені анықталды.

Аталған жайт турады Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметі пікір білдірді. Олардың айтуынша, қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Аталған қылмыстық оқиғаның орын алғаны рас. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыс ашылған жоқ. Яғни күдіктілер анықталған жоқ", - деп пікір білдірді Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
6
1
2
41
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel