RU
Туған ұлын таспен ұрып, жол жиегіне тастап кеткен ер адам сот залында жылап жіберді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Туған ұлын таспен ұрып, жол жиегіне тастап кеткен ер адам сот залында жылап жіберді (фото)

Рассказать Вконтакте

Туған ұлын таспен ұрып, оны жол жиегіне тастап кеткенін мойындаған Мурат Аскароглыға сот қандай жаза тағайындалатынын айтты. Ауыр жарақат алған 4 жасар балаға қатысты осы уақытқа дейін көлік қаққан болуы мүмкін деген болжам жасалған болатын деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Туған ұлын таспен ұрып, жол жиегіне тастап кеткен ер адам сот залында жылап жіберді (фото)

Мурат Аскароглы. Фото: Zakon.kz
Source: UGC

Істеген ісіне қатты өкінетінін айтқан ер адам сот залында кзөз жасына ерік берді. Оның қорғаушысы Аскароглыны ешқайда шықпау туралы қолхат арқылы босату туралы өтініш жасады.

Алайда Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Жарылғасова оны осы жылдың 1 қазанынан дейін қамау туралы үкім шығарды.

Еске салсақ, жол жиегінен қансырап жатқан жерінен табылған 4 жасар Мұхаммедтің тағдырына бүкіл Қазақстан жұрты алаңдаушылық білдірген болатын. Бастапқыда оны көлік қаққан деген болжам жасалған. Алайда тергеу барысында оны туған әкесі таспен ұрғаны анықталды.

Ер адам тұтқындалып, ол ұлын ұрғанын туыстарының алдында мойындады.

Сіздің реакцияңыз
4
0
8
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel