RU
Қордайда қарттарды аяусыз азаптаған ұрылар жұрттың үрейін ұшырды
Жаңалықтар Қоғам

Қордайда қарттарды аяусыз азаптаған ұрылар жұрттың үрейін ұшырды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысындағы елді мекенде үйге шабуыл жасап, адамдарды өлімші етіп сабап, тонап кететіндер пайда болған. Жұрттың айтуынша, олар екі аптаның ішінде 10 үйді тонап үлгерген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қордайда қарттарды аяусыз азаптаған ұрылар жұрттың үрейін ұшырды

Көрнекі фото: Tengrinews

Алайда әлі күнге бірде бір қылмыс ашылмаған. Бұған ашынған бұқара бүгін ішкі істер бөлімінің алдына жиылып, ұрыларды ұстауды талап етті.

Ең бірінші қарақшылық дерегі 20-шы шілдеде тіркелген. Бетперде киген екі ұры ерлі-зайыпты зейнеткердің үйіне түскен. Екі кеште баспанаға баса-көктеп кірген бұзақылар екеуінің қол-аяғын матап, аяусыз азаптаған.

Ақша мен бағалы заттарды беруін талап етіп, әбден тепкілепті. Қарттардың көрер жарығы бар екен. Олардың жанұшыра шыққан дауысын естіген көршісі дер кезінде келіп, араша түсіпті.

"Мен келгенде зейнеткер әйел дәл осы жерде қансырап жатты. Қаскөйлер мені көре сала маған қарай жүгірді. Біреуі қолындағы шоқпармен төпелей бастады. Қолымды тосып қорғандым. Сол сәтте ұрылар кері шегініп, қашып кетті", - дейді Қордай ауылының тұрғыны Алексей Спирякин.

Дегенмен қарақшылар олжасыз емес, зейнеткерлердің 500 еуросы мен 100 мың теңгесін алып кеткен. Ал қариялардың өздері ауыр жарақат алған. Қабырғасы сынып, тістері түгел қағылған 68 жастағы Владимир Бойконың хәлі тіптен мүшкіл. Қазір әйелі Лидия екеуі Бішкектегі ауруханаға жатқызылған.

Бұдан кейін ұрылар шабуылды тіптен үдеткен. Бас-аяғы 15 күнде онға жуық баспанаға түсіп, құнды заттарын түгел тонап кеткен.

"Олар иттен де адамнан да қорықпайды. Дарбазадан қарғып түсіп білгендерін жасайды. Қорыққанымыз сонша түнімен кірпік ілмей, тіпті қолымызға қару ұстап жатамыз. Қазір күндіз үйде қалудың өзі қорқынышты", - дейді зәресі ұшқан тұрғындар.

Тұрғындар тәртіп сақшыларының дәрменсіздігіне наразы. Айтуларынша қазір елді-мекенде жағдай ушыққан. Сондықтан қаскөйлер қолға түскенше ауылда коменданттық сағат жариялауды талап етуде.

Ауылда ұрылар үй иелерінің құлағы мен қолын кесіп, өздерінің қарақшылық белгілерін қалдырып кетеді деген қауесет тараған.

Алайда, полицейлер мұның тек қаңқу сөз екенін айтып, оны жария қылғандарды жазаға тартамыз деп отыр. Әрі жалпы ұрлық дерегі ел айтқандай онға жуық емес, небәрі үшеу ғана дейді. Десе де Қордайдың полицейлері қазір тайлы-тұяғы қалмай қарақшыларды іздестіріп жатыр екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
2
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel