RU
Бір жылда екі сәбиінен айырылған ана елге жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Бір жылда екі сәбиінен айырылған ана елге жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында жас отбасы бір жылда екі бірдей сәбилерінен айырылып қалғанын айтып, жанайқайын жеткізді. Сарыөзек ауылының тұрғындары мұндай қайғыға душар болуына дәрігерлер кінәлауда деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бір жылда екі сәбиінен айырылған ана елге жанайқайын жеткізді

Кадр 31 арнадан алынды

Айтуларынша, Кербұлақ аудандық ауруханасының дәрігерлері жатырдағы баланы өлтіріп алған. Қос тарапты тыңдап қайтқан тілшіміз Самал Қабышева жалғастырсын.

Жүктіліктің сегініші айында болған Мадина, цефазолиннің кесірінен сәбиімнен айырылдым дейді. Себебі ол бұған дейін дәл осы дәріні еш уақытта қабылдап көрмепті. Айтуынша, оған цефазолинді салғаннан кейін өзін жайсыз сезініп, қан кете бастаған. Осы жайттан кейін дәрігерлер дереу кесір тілігін жасаймыз деп шешім қабылдады дейді. Өкініштісі сол, ақ халаттылар отаның өзіне дер кесінде кіріспегенін айтады Мадина.

"Жарты сағат операционный залда күтіп жаттым, олар қайда жасамайсыздар ма дегенімде, біз жуынып-киініп жатырмыз деді. Гүлнәр Тыныбаева осылай айтты маған", - дейді Сарыөзек аубылының тұрғыны Мәдина Жақсылықаева.

Алайда Гүлнәр Тыныбаева Мадинаның айтқанын жоққа шығарды. Олар жүкті әйелге цефазолин мүлдем салмадық дейді. Сонымен қатар, дәрігер кесір тілігін жасауға жас келіншек келісімді дер кесінде бермегенін айтады.

– Бермеді, у меня есть свидетели.
– Егер келісім берілгенде бала тірі қалар ма еді?
– Да.

Ал дәрігерлер сөзінше отаның алдында ғана іште қозғалып жатқан бала дүниеге өлі келіпті. Сонымен бірге, олар шілдеханаға дайындалып, біріміз ана біріміз әке атанамыз деп жүргенімізде тағы да баламыздан айырылдық дейді.

"Бір жыл екі ай бұрын қызымды 9 ай толғағы келіп, дәрігерлердің салғырттығының кесірінен жер қойнына тапсырсам, екіншісін міне бір апта болды ұл бала. Мына жерде кішкентай нәрестелердің бейіті, үлкен кісілердікінен көп. Бұл да Сарыөзектегі дәрігерлердің салғырттығы деп білемін. Ауыр әрине", - дейді Сарыөзек ауылының тұрғыны Нұржан Маханов.

Дәрігерлердің салғырттығынан сәбиімізден айырылдық деген жас отбасы Кербұлақ аудандық Ішкі істер бөліміне арыз жазып, шағымдандық дейді. Алайда олардың жүрегінде үміттен бұрын, күдік басым.

Себебі іс дұрыс тергелмей, бұрмаланып, сотқа да жетпей жабылып қалады ма деп қорқады. Сондықтан аталған фактіні, демек Сарыөзектегі аудандық ауруханада болған жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі өзінің қадағалауына алса деп өтінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
4
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel