RU
Танымал көріпкел үлкен табиғи апаттардың жақындап келе жатқанын болжады
Жаңалықтар Қоғам

Танымал көріпкел үлкен табиғи апаттардың жақындап келе жатқанын болжады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал көріпкел Бақыт Жұматова алдағы уақытта табиғи апаттардың көп болатынын болжап отыр. Айтуынша, әлем елдерінің арасында су мен отпен алысатындардың саны көбейеді екен деп жазады NUR.KZ.

Бақыт Жұматова. Коллаж NUR.KZ

Бақыт Жұматова. Коллаж NUR.KZ
Source: UGC

"Мен бес жыл бұрын әр отбасында қайық және суға арналған етік болу керектігін айтқанмын. Сол ойды тағы да қайталаймын. Қазір бір рет жауған жаңбырмен суға кетіп, астында қалып жатқандар көп. Үлкен табиғи апаттар жақындап келеді. Адаммен соттасуға, керісуге, оны өлтіріп тастауға болады.

Ал табиғатқа қарсы біз дәрменсізбіз. Қауіп біз ойлағаннан да жақын. Адамдар не салса да, мейлі ол қандай биіктегі кранмен салынған ғимарат болсын су бір мезетте алып кетеді. Қазір өрт оқиғалары да көбейді. Біз адам шығынын білеміз, ал ормандағы жан-жануарлар шығыны есепке алынып жатқан жоқ. Жүрегім ауырады. Табиғаттан да не күтеріңді білмейсің. Қазір берекетсіздік көп", - дейді көріпкел.

Айта кетейік, бұған дейін әйгілі экстрасенс елімізде жын қаққан адамдардың көбейгенін айтып, дабыл қаққан еді.

Сіздің реакцияңыз
17
7
3
11
6
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel