RU
Қарағандыда топыраққа 100-ден аса пышақ қадап кетушілерді жұрт шын-шайтанға теңеді
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда топыраққа 100-ден аса пышақ қадап кетушілерді жұрт шын-шайтанға теңеді

Рассказать Вконтакте

Қарағанды полицейлері бірнеше жерде топыраққа 100-ден аса пышақ қадап кеткендерді іздеп таппай жатыр. Бұл жағдайға байланысты жұрттың ойы сан саққа жүгіруде деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алындыі

Алғашқы 25 пышақ көше бойында отырғызылған гүлдердің арасынан табылды. Мұны көрген жұрт бұларды абаттандырушылар тастап кетті деп болжаған. Аз уақыттан соң тура осындай 72 пышақ екінші бір көшедегі гүлдердің арасынан алынды.

Ал қаланың саябақтарды басқару бөліміндегілер абаттандыру жұмыстарына пышақты қолданбайтындарын айтып ант су ішуде. Артынша, аулалардың бірінен тағы 17 пышақтың қадалып тұрғанын көрген жұрттан тіпті зәре кетті.

Осы арада жергілікті әулиесымақтар бұл шын-шайтанды шақыратындардың ісі деп жатыр.

"Қазір біз сан түрлі болжамды ойлап тауып, дүрліккеніміз дүрліккен. Мұны әрқайсысы өзіне жасалған бір діни жоралғы деп бастары айналып жүр. Ауладан табылған пышақтармен балаларға қастандық жасалғалы жатыр деп соғып жүргендер де бар. Болжамдардың ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан полицейлер осыны істегендерді тауып, елді сабасына түсіргені жөн", - дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Вероника Бабаева.

Ал тәртіп сақшылары әзріге қара жерге қадалған пышақтардың құпиясын аша алатын емес.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
4
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel