RU
Белгілі экстрасенс: Адамға жұп Құдайдан беріледі
Жаңалықтар Қоғам

Белгілі экстрасенс: Адамға жұп Құдайдан беріледі

Рассказать Вконтакте

Ресейде өткен әлемдік "Битва экстрасенсов" байқауында үздіктердің қатарында көрінген Бақыт Жұматова өзіне келетіндердің дені жеке сұрақтармен келетінін айтады. Көріпкелдің сөзінше, олардың дені тұрмыс құрғысы келген қыздар мен отбасылы болғысы келген жігіттер деп жазады NUR.KZ.

Бақыт Жұматова. Фото: Замана басылымынан алынды

Бақыт Жұматова. Фото: Замана басылымынан алынды
Source: UGC

"Маған келетін адамдардың дені жеке сұрақтармен келеді. Қыздар күйеуге шыққысы келеді, жігіттер үйленгісі келеді. Байқағаным, қазір әйелдерде де, ер адамдарда да екі-үш отбасыдан бар. Адамға жұп Құдайдан беріледі. Бірінші қосылған адаммен тұра беру керек. Қазір адамдар бір- бірін іздеп жүр. Әрине, адамдардың бәрі бақуатты өмір сүргенді қалайды. Бәрі жақсы өмір сүргісі келеді, бірақ ешкімнің өзгергісі келмейді. Адам өз өміріне үнемі жаңалық енгізіп отыру керек. Маған қабылдауға келгендердің дені қара, қоңыр түстердегі киімдермен келеді. Ашықтықтан қорқатындар көп", - дейді ол.

Экстрасенс әр адам өз ойымен күресіп, үнемі алға қарай ұмтылыста болу керек дегенді айтты.

" Егер ойыңды қайғы билесе табиғатқа шық. Орманға, өзен жағасына бар. Ойың өзгереді. Себебі адамның ойы қалай болса сол орындалады. Таяуда барлық қазақстандықтар айдың тұтылуын тамашалады. Ай қозғалған уақытта жер де қозғалады. Әр адам өз өткеннін біледі. Ай тұтылған кезде өткен өмірдегі жамандықтарын ойламау керек. Себебі сол кезде бір өмір бітіп, екінші өмір басталады. Адамдар жақсы өмірді бастау үшін жақсы ойлау керек. Адам өз ойымен өмірін жақсартып, немесе бұрыс жағына өзгерте де алады", - дейді Жұматова.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
3
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel