RU
Қызылжарда белгісіз дертке шалдыққан 4 жасар бала аурудың азабын тартуда
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қызылжарда белгісіз дертке шалдыққан 4 жасар бала аурудың азабын тартуда

Рассказать Вконтакте

Қызылжарда 4 жасар бала белгісіз дертке шалдығып, аурудың азабын тартып отыр. Төрт ай бұрын сап сау жүрген Расул Нұржан бүгінде ауруханада қимыл-әрекетсіз жатыр деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Расул Нұржан. Скриншот Астана арнасынан алынды

Расул Нұржан. Скриншот Астана арнасынан алынды

Расулдың ата-анасының ұлының дүниеге келгеннен белсенді, көңілді болғанын айтады. Алайда сәуір айында 4 жастағы балақайдың жағдайы күрт нашарлай бастапты.

"Расул бір рет түнде шошып оянды. Содан кейін қалтырай бастады. Кейін дененің тепе-теңдігін жоғалтты. Құлап, соғыла берді. Артынша дәрігерлер эпилепсияның белгілерін тауып, осы ауруға қатысты ем-дом шараларын тағайындады. Қазір сіңір тартуы бәсеңдеген сияқты. Бірақ баламның жағдайы өзгеріссіз қалып отыр", - дейді Расулдың анасы Ажар Нұржан.

Эпилепсия деп емдеп жүргенде, науқас сөйлеуден де, күлуден де қалып, тамақты түтікпен қабылдауға көшкен. Ақ халаттылар Расулдың жағдайын орфандық аурулардың қатарына жатқызып отыр. Яғни күрделі зерттеуді қажет ететін дерт екенін айтады.

Кадр Астана арнасынан алынды

Кадр Астана арнасынан алынды

"Орфан аурулары әлемде өте сирек кездеседі. Оның нақты қай түрі екенін айту қиын. Біз Расулдың қан сараптамасын Италия мен Германияға жібердік. Біз қазір аутоиммунды, метаболитті және генетикалық процестердің барлығын зерттеп жатырмыз. Баланың ауруы аутоиммунды үрдістің жүріп жатқанына ұқсайды. Яғни баланың иммунды жүйесі жетілмегендіктен, дерт асқынып жатыр", - дейді СҚО балалар ауруханасы неврология бөлімшесінің меңгерушісі Елена Бедина.

Дегенмен Расулдың әке-шешесі шетелдік дәрігерлерге үміт артуда. Алайда ақша қолбайлау болғандықтан олар қайырымды жандардан көмек сұрап отыр.

"Біз шетелге барып емделгіміз келді. Ол үшін бізге Республикалық оңалту орталығы өзінің қорытындысын беру қажет. Бірақ аталған мекеме бұл құжатты әлі күнге дейін жіберген жоқ. Біз оны күтпей, баланы Израиль немесе Кореяға апарып емдеткіміз келеді. Алайда, олар депозитке 40-50 мың долларын салуды талап етеді. Біз арнайы шот аштық. Халықтың көмектесуін сұраймыз", - дейді Расулдың әкесі Руслан Нұржан.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel