RU
Қазақ қызын көптің көзінше аяусыз ұрған азамат жұрттың ашуын келтірді (видео +18)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ қызын көптің көзінше аяусыз ұрған азамат жұрттың ашуын келтірді (видео +18)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде қазақ қызын аяусыз соққыға жыққан азаматтың видеосы тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеода ер адам бойжеткенді балағаттап, артынша ұра бастағаны байқалады. Жас жігіт, тіпті бойжеткенді басынан тебуден тайынбайды.

Бұл жайттың қайда және қашан болғаны белгісіз. Дегенмен бойжеткеннің қазақ тілінде сөйлеп тұрғанына қарап, бұл жайт Қазақстанда болған деп топшылай аламыз.

Видеоны көрген желі қолданушылары әйелге қол көтерген ер адамды сынның астына алуда.

"Масқара, бұл не тәрбие?", "Оңбаған екен", "Әйелге арыздану керек", "Біреуі де араша түспегені қалай?", "Қорқақтар мен қорқаулар ғана әйелге қол көтереді. Әлі әйелге келеді", "Еркек емес. Жанындағы адамдар неге үндемей тұр? Жасырынып түсіріп тұрғанша, араша түспей ме", "Бүкіл автобуста бір еркек болмаған ба?", - деп күйінді пікір қалдырушылар.

Ескерту: Видеоны жүйкесі жұқа адамдарға қарауға кеңес бермейміз. Видеода бейәдеп сөздер кездеседі! (+18)

Сіздің реакцияңыз
18
2
32
1
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel