RU
Алматыдағы қымбат көлік аламын деп жер сипап қалғандар шу шығарды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы қымбат көлік аламын деп жер сипап қалғандар шу шығарды

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы «Тойота сити» автосалонындағы менеджерге алданып қалған азаматтар енді Бас прокуратура мен ІІМ-не шағымданбақ деп хабарлайды КТК арнасы.

«Тойота сити». Фото: toyota-city.kz

«Тойота сити». Фото: toyota-city.kz
Source: UGC

"Тойота сити" салоны айналасындағы дау сәуір айында басталған. Алдауға түскен тұтынушының бірі Ақылбек Мұқаметшеұлы 30 миллион теңге тұратын «Лэнд Крузер» көлігін алу үшін 22 миллион теңгесінен қағылған.

Нәтижесінде автосалон менеджері Мадияр Оразақын 13 адамды тақырға отырғызған деген күдікке ілікті. Яғни компания атынан келісімшарт жасасып, қаржыны қолма қол алған көрінеді.

Бірақ жәбірленушілер төлем чегін бермегенін айтады. Алайда уағдаласқан уақытта көлікті алуға келгенде менеджерді таппай қалған.

Артынша барлығы дерлік полицияға арыз түсіреді. Жәбірленушілер, арада төрт ай өтсе де, іс тергеуінде өзгеріс жоқ екенін айтуда.

"Сіздер оны қашан табасыздар? Көшеден кішкентай зат ұрлап кеткен адамды сол күні тауып аласыңдар да, 15 жылға жібере саласыңдар. Талай адамды жылатқандарды төрт ай бойы таппау деген мүмкін болмайтын, басқа сыймайтын зат қой.

Жоғарыда отырған министрлер, Бас прокурор және де премьер-министрдің атына жазамыз онда", - дейді Ақылбек.

Ішкі істер департаментінің мамандары болса, "тергеу тобы құрылып, тиісті сараптамалар әлі де жалғасып жатқанын" жеткізді.

"Заңнамамен көзделген мерзім өтелген жоқ. Барлық тиісті шаралар және тергеу амалдары дер кезінде жүзеге асырылуда. Оразақын есімді азамат қазіргі таңда іздеуге жарияланды. Ол басты күдікті болып танылды", - дейді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сіздің реакцияңыз
3
1
2
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel