RU
Астанада 10 жасар бала бір жарым жылдан бері өміріне төнген қауіппен күресіп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Астанада 10 жасар бала бір жарым жылдан бері өміріне төнген қауіппен күресіп жатыр

Рассказать Вконтакте

10 жасар Ораз Ахметқали бір жарым жылдан аса уақыт қатерлі дерт-лимфомамен күресуде. Алғашында дәрігерлер бүлдіршіннің диагнозын дұрыс қоя алмаған екен. Кейіннен бұл қауіпті ауру екені анықталған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

2017 жылдың ақпан айында Ораздың сол қолы мен қолтығы аймағы ауырып, ыстығы көтерілген. Баланың ата-анасы оны бірден ауруханаға апарыпты.

Ал дәрігерлер баладан үлкейген лимфа түйіндерін анықтаған екен.

"Бізді жедел түрде Астана қаласындағы №2 ауруханаға жіберді. Ота жасап, лимфа түйіндерін анықтады. Ал материалдардың қорытындысынан олардың асқынып кеткенін байқадық. Ары қарай педиатр мен хирургқа қаралып жүрдік. Бірақ, лимфа түйіндері ыстық көтерілгенде асқындай берді. Біз қаладағы онкогематологтан кеңес сұрадық, алайда ауру туралы ештеңе айтылмады",- дейді Ораздың әкесі Ануар Оразғалиев.

Ануардың айтуынша, дәрігерлер де ештеңеге алаңдамапты. Диагнозды анықтау үшін лимфа түйіндерін жоюы қажет болған екен. Бірақ диагноз сол бойы анық емес болып қалыпты.

"2017 жылдың ақпан айынан қазанға дейін Қазақстанда дұрыс диагноз қоя алмады. Біз шұғыл түрде ауруханаға түсіп, лимфа түйіндерін жоятын екі отаны өткіздік. Гистология қорытындысы бойынша бізге "туберкулез" диагнозын қойды. Алайда, қыркүйекте туберкулезге қарсы диагностикалық зерттеуден кейін бұл диагноз да жоққа шығарылды", - дейді ол.

Ауру белгілері тоқтамаған соң Ораздың ата-анасы 2017 жылдың қазан айында сараптама нәтижелерін Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Гематологиялық ғылыми орталыққа жіберген. Нәтижесінде, олар баладан қанның "Жедел B- лимфооблыстық лимфома" қатерлі ісігін тауыпты. Бұл дерттен айығу үшін ұзақ мерзімді химия және сәулелі терапия қажет болған екен.

"Біз оңтүстіккореялық "Северанс" клиникасымен сөйлестік. Олар мәскеулік дәрігерлердің нәтижесін құптады және бізге жаңа технологиялық аппараттармен емдеуді ұсынды", - дейді Ораздың әкесі.

Қазір баланы тексеріп, химия препараттарымен емдеп жатыр. Үш жылға созылған емдеу 250 мың доллар тұрады екен.

"2017 жылдың 6 қарашасынан бері жарты жылдық химия терапия өтті. Әр қабылдаудан кейін баламның ыстығы көтеріліп, жүрегі айниды. Ұлыма жая жүру қиын. 15 минуттан кейін бірден шаршап қалады. Бірақ балам берілмей жүр", - дейді Ануар.

Жанұя 2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың шілдесіне дейін 160 000 доллар жинаған екен. Ал емдеуге қажетті қалған ақша сомасы- 90 000 доллар.

"Өкінішке орай, бізде ондай көп ақша жоқ. Мен баламды емдету үшін қазақстандықтардан көмек сұраймын. Мен баламның аман-есен, бақытты болып жүргенін қалаймын. Қазақстанда қанша есікті қаққаныммен, туыстарым мен достарым жинап көмектескен ақша да жетпей жатыр", - дейді Ораздың әкесі.

Жанұяға мына реквизиттер бойынша көмектесе аласыз:

Қабылдаушы: : Urazgaliyeva Ainagul (анасы)

Шот нөмірі :1002657747483

Свифт код: HVBKKRSEXXX

Банк атауы: Woori bank Severance, Hospital, Sub.

Толтыру үшін билайн нөмірі:+7 776 774 9458

Kazkom: 4003 0327 4222 4902

ЖСН 800502301044 Anuar Urazgaliyev (әкесі)

ATF банк: 4052 5540 0717 4704

ЖСН 830624401337 Ainagul Urazgaliyeva (анасы)

Kaspi Gold: 5169 4931 5235 4521

ЖСН 850523400402 Zhanarkul Kartkuzhakova (әпкесі)

Халык банк: 6233 5710 9451 1231 ЖСН 580115402295 (апасы)

Ресей Сбербанк 4263 4472 8488 5503 Апасы: Утигенова Гульнара Килмановна

ЖСН 580115402295

Qiwi кошелек: 87021268505

pay pal: zhanargul85@mail.ru

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel