Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық олигархтың сұлу жары жартылай жалаңаш суреттерін желіге жүктеді (фото)

Опубликовано:

Танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың жұбайы Ленара Баталова Instagram желісіндегі парақшасын белсенді түрде жүргізіп отырады. Ол отбасылық қызықтарымен, шетелге саяхаттарымен, сонымен бірге қызықты жазбаларымен бөліскенді ұнатады.

Бүгінде төрт баланың анасы атанған "Рахат Лукум" тобының әншісі мінсіз мүсінімен, айрықша көркімен ерекшеленеді.

2000 жылдар ел арасында танымал болған топтың мүшесі қазіргі таңда өзін толықтай отбасына арнаған.

Дегенмен, оған деген қызығушылық тыңдармандары тарапынан әлі де басылған емес.

Бір кездері клиптерінде сексуалды образымен танылған әнші бүгінде ана ретінде де елдің назарын өзіне аударуда.

Ол олигарх жары Райымбек Баталовтың жанынан бір елі алыстамайды. Олар үнемі достарымен кездесіп, шетелде уақытын көңілді өткізеді.

Олардың махаббатына желі қолданушылары үнемі тамсанып, жағымды пікірлерін жазуда аянып қалмайды.

Ленара Баталованы, сонымен бірге, отандық элиталы ортаның өкілдерімен де жиі кездестіруге болады. Ол көңілді сауық кештердің тұрақты қонағы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745580-otandyk-oligarhty-slu-zary-zartylaj-zalaas-suretterin-zelige-zktedi-foto/

pixel