RU
Миының жарты бөлігінен айырылған бала тірі қалып, көпшілікті таңғалдырды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Миының жарты бөлігінен айырылған бала тірі қалып, көпшілікті таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Жеті жасар бала аса ауыр дерт салдарынан миының жарты бөлігін алдырып тастауға мәжбүр болды. Күрделі отадан кейін бүлдіршіннің денсаулығына күмәнданған дәрігерлер оның тез сауығып кеткеніне таңғалған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: anews.com

Фото: anews.com

Талма ауруын еңсеру үшін миының жарты бөлігін тастауға бел буған баланың аяққа тұрып кетеріне көпшілік сенбеді. Тіпті, дәрігерлер де оның тірі қаларына да күмәнданған болатын.

Анықталғандай, миының жартысы жоқтығына қарамастан бала организмі ол бөліктің атқаратын қызметін өздігінен толықтырған. Мамандардың айтуынша, бұл өте сирек кездесетін жағдай.

"Тек бір кем тұсы бар. Балақай жан-жағындағы көріністерді көре алмайды. Ол тек қана көз алдындағыны ғана көруге қауқарлы болады. Бірақ, айналасын көргісі келсе, әрине басын бұрып қарауға мүмкіндік бар", - деп айтты дәрігерлер.

Олар баланы үш жыл бойы бақылап тұрды. Ең қызығы, жасалынған күрделі ота оның дамуына кедергі тұрмақ ешқандай өзгеріс әкелмеген. Бүлдіршіннің ойлай қабілеті өз құрдастарына сай жетілген.

Мамандар операцияның бұл түрлері күрделі болғанымен, талма ауруын емдеуде пайдасы көп екенін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
2
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel