RU
Қарағанды облысында көкек ана екі жасар қызын көшеге тастап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облысында көкек ана екі жасар қызын көшеге тастап кетті

Рассказать Вконтакте

29 шілде күні Теміртау көшелерінің бірінде көкек ана белгісіз әйелге екі жасар баласын тастап, кетіп қалды. Ол баласына қарай тұруын өтініп, қайтып оралмаған. Бұл туралы NUR.KZ порталы etemirtau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Балақай. Көрнекі фото: Politeka

Балақай. Көрнекі фото: Politeka

Қамқоршылық және қорғаншылық секторының жетекшісі Жұлдыз Арилина бұл ақпаратты растап отыр. Көкек ана баламен кіруге болмайтын маңызды кездесуі барын алға тартып, бетаныс әйелден баласына қарай тұруын өтініпті.

"Біраз уақыт күтіп, анасы келмейтінін ұққан әйел полицияға хабарласты. Инспекторлар баланы алып кетіп, емханаға жеткізді. Ал өздері сәбидің анасын іздеуге кірісті", - дейді Жұлдыз.

Белгілі болғандай, балақайдың анасы 1992 жылғы Қарағанды тұрғыны болып шыққан. Полицейлер оған қоңырау шалып, келуін өтінеді. Алайда бойжеткен қызы екеуінің құжаты жоқтығын айтып, сол беті келмей қойған.

Ал қамқоршылық органы балақайды анасына бірден бере салмайтынын ескертті.

"Ол анасы екенін дәлелдеуден бөлек, балақайды одан әрі асырап-баға алатынын дәлелдеуі тиіс", - дейді Жұлдыз.

Көкек ана әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Ал дені сау балақай уақытша балалар үйіне жіберілуі тиіс.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel