RU
Әйгілі Алакөлдің жақын арада "екінші Лас-Вегаске" айналатыны рас па?
Жаңалықтар Қоғам

Әйгілі Алакөлдің жақын арада "екінші Лас-Вегаске" айналатыны рас па?

Рассказать Вконтакте

Соңғы жылдары ШҚО-дағы атақты "Алакөл" туристік аймағына жазғы демалысқа барушылардың қарасы көбейген. Өңірге қалтасы қалың бай-бағландардан бастап, қарапайым халыққа дейін, тіпті, алыс-жақын шетелдерден келушілердің саны арта түскен. NUR.KZ назарларыңызға облыс бюджетіне миллиондап қаржы түсіріп отырған аймақтың тыныс-тіршілігінен фоторепортаж ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ
Source: UGC

Осыдан біраз жыл бұрын шаң басып, тоз-тозы шыққан орталық (авт. көл жағасына ең жақын орналасқан алаңды, жергілікті тұрғындар дәл осылай атайды) бүгінде адам танымастай өзгеріп кеткен. Мұнда жергілікті халық пен туристер, күндіз көлдің суына түсіп демалса, кешкісін осы алаңға жиналып, сауық-сайран кұруды әдетке айналдырған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Орталықта "Алакөл" деген жазбадан бастап, суретке түсетін түрлі орындар, жаттығу алаңдары, тіпті, халық тынығатын мынадай орындықтардың түр-түрімен бар.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Тынығу орындарының сыртқы пішіні жөнінен әр алуандығы соншалық, олардың арасында алып саңырауқұлаққа ұқсайтын түрлері де бар.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Сонымен бірге, орталықта балаларға арналған демалыс орны да бар.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Ал алаңның қос жағасындағы дәмханалар мен үлкенді-кішілі дүкендердің, мейрамханалар мен қонақүйлердің санында шек жоқ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Бір қызығы, дәмхана мен қонақүйлер атауларының кейбірі латын қарпіне көше бастағанының куәсі болдық.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Айтпақшы, орталықтағы қонақүйлер мен дәмханалардағы тәтті-дәмділердің бағасы өзге аймақтардан өзгеше. Мәселен, мейманханаларда бір адамға арналған жатын бөлмелердің құны – 5 мыңнан бастап 20 мыңға дейінгі аралықты қамтиды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Бұдан бөлек көл маңында мынадай катер-қайықтар түр-түрімен тізіліп тұр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Орталықтағы тағы бір "қызық" - алаңда таңғы төртке дейін болатын түнгі би кеші болып отыр. Аталмыш орынды жергілікті жастар құптаса, үлкендер қауымы оған қарсы болып шықты.

"Би кеші емес, жынойнақ қой? Таңғы төртке дейін дүңкілдеген мән-мағынасыз әуенге кімдер әуес болады дейсіз? Осылай жүріп, америкалық "Лас Вегас" сияқты Алакөліміз "лас" жерге айналамаса болды әйтеуір?", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Алакөлде түнгі тіршілік кеш уақытында осылай қыз-қыз қайнаса, күндіз демалушылардың бәрі көл жағасына асығады. Кей күндері онда тіпті ине шаншар орын болмайтын көрінеді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
11
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel