RU
Бір күн бойы тұрып қалған пойызда елдің көңілін көтерген жігіт хит болды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Бір күн бойы тұрып қалған пойызда елдің көңілін көтерген жігіт хит болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде пойыз ішінде жолаушыларға ән айтып, көңілін көтерген жігіттің видеосы хитке айналды. Оқырмандардың айтуынша, Нұрлан Ақынбаев темір жол бойында болған апат салдарынан бір күн бойы Сарышаған бекетінде тұрып қалған кезде елге осылай қолдау көрсеткен деп жазады NUR.KZ.

Аталған видео Instagram әлеуметтік желісіндегі пабликтерде таралуда. Видеодағы жігіттің әрекетіне желі қолданушылары түрліше пікір қалдырған.

Бірі оны сөгіп, елдің тыныштығын бұздың деп айыптаса, екіншілері оған алғысын жаудырып, қиын жағдайда қалған кісілерге қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп жатыр.

"Сендер оны бекер сөгіп жатырсыңдар. Жігіт қиын жағдайдағы жолаушылардың көңілін көтермек ниетімен осылай жасап отыр. Пойыз темір жолдағы апат салдарынан Сарышаған бекетінде бір күн бойы тұрған. Сондықтан жағдайды білмей жатып, кінә артпаңдар!", "Білмей неге жазасыңдар жаман комментарияларды?! Бұл 2-3 күн бұрын орын алған оқиға, пойыздар аварияның кесірінен бір күн Сарышаған станциясында тұрған, адамдардың көңілін көтермек болып осылай ән айтқан. Не деген негатив, ағайындар-ау!", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кету керек, 312 шілде күні Жамбыл облысында теміржолдағы апатты қайта келтіру жұмыстары жүргізіліп, 3024 жолаушы діттеген жеріне жете алмай дал болған.

Мойынты-Шығанақ учаскесінде Қашқантеңіз-Жастар өткелінде орын алып, жүк пойызының 11 вагоны рельстен шығып кеткен болатын.

Осы уақытта өңірде 5 жолаушылар пойызы сапарын жалғастыра алмай, жоспарлы уақытынан кешіккен болатын. Оның ішінде №086 пойыз жолаушылары да болған.

Сіздің реакцияңыз
3
3
0
0
0
20
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel