Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдіктен көк тиын алмай, ауылға футбол алаңын салып жатқан кімдер?

Опубликовано:

Маңғыстау облысы Сайөтес ауылының 30-ға жуық жас жігіттері туған ауылдарында футбол алаңын салып, көпті таң қалдырып отыр. Жастар нысанды салу үшін әкімдіктен бірде-бір тиын алмапты. Бұл туралы Lada-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz: UGC

Маңғыстау облысына қарасты Сайөтес ауылының жастары туған ауылдарына өз күштерімен футбол алаңын салып, көпті таң қалдырды. Игі бастаманы қолға алушылардың бірі – Әділет Асанғалиевтің айтуынша, бұл оларға жыл он екі ай футбол ойнауға мүмкіндік береді екен.

"Негізінен қазір мен Ақшүкір ауылында тұрып жатырмын, бірақ туған ауылым – Сайөтес.

Осыдан біраз уақыт бұрын досым Ленар Отаров ауылда футбол алаңын салайық дегенде, мен ойланбастан келісе кеттім. Осылай бастамамызды қолдай кеткен өзіміз сияқты 30 шақты баланы жинадық.

Жергілікті әкімдіктен көмек сұрағанымызда, олар артық қаражат жоқ деді. Сөйтіп тек аумағы 40-20 метр болатын жер телімін берді.

Қазір құрылысқа кететін шығын шамамен – 1 миллион теңгені құрайды деп отырмыз. Бірақ бұйыртса алаңды толығымен салып бітсек, ауылдың кез келген басы осында келіп, футбол ойнай алады ғой?

Балаларға бұдан артық қандай қуаныш керек?",-деп әңгімелеп берді азамат.

Нысан құрылысын шілденің 23-інде бастаған ауыл жастары, алаңды тамыздың ортасына дейін толығымен салып бітіреміз деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745671-kimdikten-kk-tiyn-almaj-auylga-futbol-alayn-salyp-zatkan-kimder/

pixel