Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семіз әйелдер: Алматыда орнатылған жаңа мүсіндер жұртқа жақпай қалды (фото)

Опубликовано:

Алматы көшелерінің бірінде пайда болған жаңа арт-нысандар желіде қызу талқыға түсті. Семіз әйелдердің жартылай жалаңаш мүсіні түрінде жасалған нысандар елдің ашуына тиді деп жазады NUR.KZ.

Бұл ескерткіштер Өтеген батыр мен Қабдолов көшесінің бойына орналастырылған. Алайда олардың қандай мақсатпен жасалғаны белгісіз.

Аталған ескерткіштерге қатысты желі қолданушылары жағымсыз пікірлерін жазуда.

Мәселен, қазақ журналисі Серікбол Хасан өзінің Facebook желісіндегі парақшасына:

""Арт" деген сайын "қырт" болып барады ғой. Мынадай семіз қатындарды қайдан тауып алған? Бұрынғы Алматыны қайтарыңдаршы...", - деп жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745696-semiz-jelder-almatyda-ornatylgan-zaa-msinder-zrtka-zakpaj-kaldy-foto/

pixel