RU
Теміртауда тойда тамақтан уланған 18 адам ауруханаға түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Теміртауда тойда тамақтан уланған 18 адам ауруханаға түсті

Рассказать Вконтакте

31 шілде күні Теміртау қаласының инфекциялық ауруханасына 20 адам ішек инфекциясымен түскен. Қазіргі уақытта олардың 18-і ауруханада жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: Pixabay

Фото: Pixabay
Source: UGC

Ауруханаға түскендердің барлығында бірдей белгілер болған. Олардың жүректері айнып, дене қызулары көтеріліп, денелері тітіркеніпті.

Олардың айтуынша, барлығы қаладағы бір мейманханада тойда болған екен.

Ауырғандардың қатарында сегіз жасар бала мен жүкті келіншек бар екен. Мәлімет бойынша, олардың барлығына жедел ішек инфекциясы диагнозы қойылыпты.

"Біз сияқты ауырғандар көп. Алайда жедел жәрдемді барлығы шақырмай, үйде емделуді жөн көрді. Басында 20 адам түскен. Барлығында бірдей жедел ішек инфекциясы екен. Бұл жай уланудан да қиын. Енді бізге 10 күн демалыс керек шығар"-дейді ауруханаға түскендер.

Олардың сөзінше, тойдағы басты тағам той иелері дайындаған қазақтың еті болыпты. Үстел үстінде қымыз да тұрған екен.

Ал қалған тағамдарды мейманхана дайындапты. Ауырғандар бұл тауық еті мен майонезден болды деп ойлайды.

Қазір ауруханадағылардың жағдайы бірқалыпты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel