Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас әншінің бетін оқтаумен ашқандар халықтың таңданысын тудырды

Опубликовано:

Интернет желісінде отандық тележүргізуші Бауыржан Сатовтың үйіне келін түсірген видеосы таралып кетті. Көпшілік екінші рет үйленіп жатқан актердің сүйіктісі Альбина Шардарованың бетін оқтаумен ашқан асабаның әрекетіне қатты таңғалған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Ел арасында онсыз да шу тудырған жұлдызды жұп тағы да қызу талқыға түсті.

Танымал тележүргізушіге үйленгені үшін "тоқал" деп сыналған жас әншінің бетін оқтаумен ашқаны жұрттың таңданысын тудырған.

Оқырмандар Бауыржан Сатовтың туыстарының мұндай салт-дәстүрін сынап тастады.

Оған қоса желіге Альбина Шардарованың "келін шай" құйып жатқан фотолары да таралып кетті.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Айта кетейік, танымал тележүргізуші үшін бұл бірінші неке емес. Ол осыған дейін Мөлдір Жұмакеева есімді бойжеткеннің жұбайы болған.

Алайда, ерлі-зайыптылар біраз уақыттан соң ажырасып кеткен. Арудың айтуынша, отандық актердің әйеліне деген сезімі суып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1745708-zas-nsini-betin-oktaumen-askandar-halykty-tadanysyn-tudyrdy/

pixel