RU
"Зейнетақы үшін істеді": Кейуана күйеуінің өлі денесін бірнеше ай үйінде ұстаған
Жаңалықтар Қоғам

"Зейнетақы үшін істеді": Кейуана күйеуінің өлі денесін бірнеше ай үйінде ұстаған

Рассказать Вконтакте

Екатеринбургта кейуана өлген күйеуінің денесін бірнеше ай үйде ұстаған. Көпқабатты үйдегі жағымсыз иістен көршілері де жиіркеніп жүрген екен. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: © VK/Поля Нечаева

Фото: © VK/Поля Нечаева

Куйбышева көшесіндегі №112 үйде тұратын кәрі әжей бірнеше ай үйде ұстаған өлі денені балалар алаңына шығарып тастаған.

Куәгерлердің айтуынша, кейуана күйеуінің денесін далаға сүйреп шығарған. Ол оны қоқысқа тастағысы келгенмен, күші жетпеген көрінеді.

Көршілері жанұяның ішімдікке жақын болғанын айтады. Зейнеткер көп ішкеннен түрлі аяқ киімдер киіп, қайыршылармен достасып жүрген екен.

"Ол күйеуінің өлгені туралы да айтпаған. Демек, оның орнына зейнетақы да алып тұрған", -деп жазады жергілікті тұрғын Полина Нечаева

Марқұмның нақты өлген мерзімі әлі белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel