RU
Аяғынан айырылып қалған ер адам ең жылдам тамақ тасушы болып шықты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Аяғынан айырылып қалған ер адам ең жылдам тамақ тасушы болып шықты

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы Чжэцзян аймағына қарасты Ханчжоу қаласында ерекше тамақ тасымалдаушы адам өмір сүреді. Ван Цзяньшэн есімді азамат екі жыл бойы қала тұрғындарына тамақ тасып, протез салдырту үшін қажетті қаржыны жинап жүр деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Weibo

Фото: Weibo

Ван күніне 12 сағат жұмыс істеп, 60 адамға тамақ апарып тұрады. Ер адам өзінің бір аяғының жоқтығына қарамастан қаладағы ең жылдам тамақ тасушы атағына ие болды.

Ол жол апатына түсіп аяғынан айырылып қалған. Соған байланысты қажетті процедураларды жасап, протезді сатып алу үшін қаражат жеткіліксіз болғандықтан ол жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Қала тұрғындары Ванның жылдамдығы мен кәсібилігіне тәнті болуда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel