RU
"Сатқынға орын жоқ": "Ювентусқа" қайта оралған Бонуччиді жанкүйерлер сынап тастады
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Сатқынға орын жоқ": "Ювентусқа" қайта оралған Бонуччиді жанкүйерлер сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Бір жыл бұрын "Милан" сапына өтіп кеткен Леонардо Бонуччи қайтадан "Ювентусқа" қайтып оралды. Алайда, тәжірибелі қорғаушының келуіне жанкүйерлер қауымы мүлде қуанбаған. Олар тіпті футболшыны әуежайдан күтіп алуға бармады деп жазады NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru
Source: UGC

Бонуччидің былтыр кетіп қалуы туриндік жанкүйерлердің жүрегін қатты жаралаған көрінеді. Олар қорғаушының "Миланға" өтіп кетуін әлі де кешіре алмаған.

Тіпті "Ювентусқа" қайта оралуы да италиялықтарға ьбақыт сыйламаған сияқты. Олар Бонуччи Турин әуежайынан күтіп алуға бармаған. Ал атақты футболшыны ойда жоқта көріп қалғандар болса оған жағымсыз сөздер айтып, "Ювентус" сапына келмеуін өтінген.

"Сендей сатқындарға бізде орын жоқ. Сен біздің жүректі жараладың. Бар да ауызыңды жу", - деп айғай салды бір жанкүйер.

Айта кетейік, туриндік жанкүйерлер Бонуччидің былтыр "Ювентусқа" соққан голын тамашалауына қатты ашуланған.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel