RU
Шымкентте жолаушылар автобусы көлікті соғып, бір адам ажал құшты (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте жолаушылар автобусы көлікті соғып, бір адам ажал құшты (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жолаушылар тасымалдайтын автобус апатқа ұшырады. Рысқұлов көшесі мен Ескендіров көшелерінің қиылысында 110 бағыттағы автобус жеңіл көлікпен соқтығысқан. Тал түсте болған жол апатынан жеңіл көліктің бір жолаушысы көз жұмды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте

Шымкенттегі жол-көлік апаты. Фото: куәгерлерден

Шымкент қалалық жедел жəрдем қызметінің диспетчерлік бөлімі аталған жол апатынан бір жолаушының мерт болғанын растап отыр.

Мерседес жеңіл көлігінде жүргізуші мен қаза тапқан жолаушыдан басқа бала болыпты. Сəби түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Самал шағынауданы аумағындағы "Мəди" аялдамасының маңында болған жол апатының куəгерлері қоғамдық көліктің жылдамдықты асырғанын айтады.

"Ол жерде жаяу жүргіншілер жолағы бар. Кесіп өтетін көшемен разворот жасамақ болған Мерстің жүргізушісі үлгірмей қалған сияқты. Автобус та əжептеуір жылдамдықпен келіп қалды", - дейді куəгерлер.

110-шы бағытта қатынайтын апатқа ұшыраған автобустың жолаушылары дін аман. Тек шошып қалған. Екі көлікке де айтарлықтай материалдық шығын келген.

Жеңіл көліктің оң жағы "мыжылып" кеткен. Жергілікті тұрғындар сол маңда жиі көлік апаты орын алатынын айтып отыр. Үшінші мегаполистің дəл осы бұрышында бағдаршам жетіспейтін көрінеді.

"Осы маңда əрдайым пешеходты қағып кетеді, не көлік соғысып жатады. Күн ара болады мұндай жағдай. Екі жыл бұрын жаяу жүргінші жас қызды көлік қағып өлтірді. Тіркелмейтін оқиғалар қаншама?! Бағдаршам немесе жылдамдық өлшеуіш орнатып берсе екен дейміз...", - деп жанайқайын жеткізді тұрғындар.
"Ақша табамыз деп жол белгілеріне қарап жатқан жүргізушілер жоқ. ГАИдегілер сол белгілер болғандықтан бағдаршамның қажеті жоқ деген. Қоғамдық автобустар аялдамаға жақындағанда жай жүруі керек. Жылдамдықты асырып жатқандарға бақылау жасап жатқан кім бар?! Бір бірімен жарысқан автобустарға мініп те үлігере алмайсың", - жергілікті Мырзахан есімді тұрғын.

Жол көлік оқиғасынан кісі өлімі орын алған жерге тəртіп сақшылары келіп, анықтау жұмыстарына кірісіп кетті. Бірақ Шымкент қалалық ІІД ресми ақпарат берген жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
7
4
30
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel