Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшінші рет әке атанған Бейбіт Қорған жарын перзентханадан қалай шығарып алды? (фото)

Опубликовано:

Жақында ғана үшінші рет әке атанған әнші Бейбіт Қорған жары мен сәбиін перзентханадан бір шоқ гүлмен шығарып алды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Қуанышымды сіздермен бөлісейін деп, Аллаға шексіз шүкіршілігімді білдірейін деп, жүрегімнің қуанышын сездірейін деп жазып отырмын! Қазақ xалқына тағы бір батыр қосқанымыз біз үшін бір бақыт!

Ұлымның есімін, иманға бай болсын деп Баймұxаммед деп қойдым. Негізінде шаңырағымды себепсіз интернет желісіне көздемеймін, сөздемеймін!

Шаңырағымды, менің өміріммен шатастырмасаңыздар екен! Біреулер мені жек көрер, біреулер сыйлар?! Өздері білер! Көп раxмет сіздерге, достар! Қолдап жүргендеріңізге! Аллаға шексіз шүкір, тәубә!", - деп жазған әнші желі парақшасында.

Бейбіт өміріндегі қуанышты сәтінен суреттерді де жария еткен. Онда әнші жан жарын перзентханадан бір құшақ гүлмен шығарып алғанын байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1745758-sinsi-ret-ke-atangan-bejbit-korgan-zaryn-perzenthanadan-kalaj-sygaryp-aldy-foto/

pixel